Менің өмірім... Лайк басып, репост жасап, пікір жазып бар екенімізді білдіріп отырайық. Толық нұсқа.. Толық нұсқа... Таңғы сағат 4 шамасы. Тәтті ұйқыда жатқан Анарды ұялы телефонының шылдыры оятып жiбердi. Анар ұйқылы ояу көзбен тұтқаны көтерді.  - Алло?..  - Сәлем жаным.  - Таңғы сағат 4. Бұдан хабарың бар ма??!  - Иә... Анар?!  - Иә жаным, не болды? Бәрi жақсы ма? Дауысыңа не болды?  - Жоқ... Жаман... Менi кешiр, мен өз бақытымды таптым, ертең бұйырса оны алып қашамын. Өз бақытыма үйленгiм келедi... Ашуланбашы...  - Не?! Не дедiң?! Ашуланба?! Қалайша?!  - Иә түсiнем... 3 жыл жүрдiк... Менi сүйесiң, иә?!  - Не айтарымды да бiлмеймiн...  - Анар??!  - Не?! Тағы не айтайын деп отырсың?! Мүмкін сол "Бакытыңның" аяғы ауыр шығар?! Жо-жоқ... Балдарың да бар ма?! Нешеу? 2-еу ма?!  Айя катты ашуланды. Әрине ашуланады. Ол Мансурды сүйедi ғой. Оған тұрмысқа шығуға дайын болатын. Осы жiгiттi шын сүйіп, оған 3 жыл уақытын сарп еттi емес пе? Ал мына жаңалық... Анар жүрегi қан жыласа да тек ашуланып тұрған адам кейiпiнде қалды.  - Не деп тұрсың Анар? Қайдағы бала? Түсінем әрине... Ендi солай болып қалды... Жақсы, қош бол... Қайырлы түн...  - Жоқ!  Анардың дауысы жай шықты.  - Бұл шындық, Анар... Мен өз бақытымды таптым, түсiнуге болады ғой. Мен оны ертең алып қашамын...  - Бақытты... - көзiне келген жасты, өңешiне тығылған өксiктi ішiне тығып тұрып:  - ...Бол, иә бақытты бол!!!  Осы таңды Анар көз жаспен қарсы алды. Ол өзiн сабырға шақырып "Мансур ендi сен үшiн жат! Хмм бұл өмiрде не, тек сол ғана менiң жүрегiмдi жаулаған ба? Жок мен әлi ондай Мансурдың мыңын табамын."   Ол осылай дым бiлмегендей оқуына барды. Жүзi жадырап, күлiмсiреп тұрса да жан-дүниесi алай-дүлей... Анар университеттен шыққан соң құрбылары мен коштасып үйіне қайтты. Жолда келе жатқан кезде, кенеттен бейтаныс 3 ірі жiгiт түсiп Анардың қарсылығына қарамастан машиналарына оп-оңай салып алды. Бiр үйге әкелді, ал бiр Әже Анардың басына орамал жаба салды. Түкке түсiнбеген бейшара қыз жылай бердi. Шымылдырық ілiнген бөлмеге әкелiп отырғызып кеттi. Қорқыныш тұла бойын биледi...  - Не болып жатыр? Мен үйге қайтқым келедi... - дедi дауысы дiрiлдеген Анар. Ал оған бiр әйел:  - Жоқ қалқам, сен осында қаласың! Ак орамалың құтты болсын! - дедi де шығып кеттi. Бөлмеде адам жоқ. " Жақсы болды, соткам қайда? Соткам..." Анар ұялы телефонын алып дереу сүйiктiciне соқты.  - Алло? Анар? Қалайсың?  - Мансур, жаным?! Менi біреулер алып қашып кеттi... Менi алып кетшi, өтінемін... Қорқып отырмын... - өксiп, өкiрiп жылап жiбердi.  - Әзілдеп отырмысың? Анар тыңдашы, ендi бәрі кеш. Мен өз бақытымды алып үйiмде отырмын. Сен қандай ойын ұйымдастырсаң да мейлi! Ендi бәрi кеш! - деп ашуланғандай болды сүйгенi.  - Жоқ, сен менi түсiнбедiң... Менi шынында да алып қашып кеттi. Өтiнемiн сеншi маған... Қорқып отырмын... Мен мұнда қалғым келмейдi...  Анар қатты жылады, жалынды...  - Мансур? Жаным, алып кетші менi... Мені естiп тұрсың ба? Алло? Мансур?  Мансур тұтқаны койып тастапты.  Мансур тұтқаны койып тастағанына 5-10 минут болды. Сол уақыт арасында қолы жiпсiз байланған Анар әлi де жылап отырған едi. Соткасына СМС хат келдi. Жалма-жан соткасын алып, хатты ашып қарады: " Мен өз бақытыммен, сен өз бақытыңмен... Бақытты болайық!!! " Анар не Iстерiн бiлмей сасқалақтап қалды. Бiр минут Iшiнде басында неше түрлi ойлар жүрдi. " Жок... Бұл менiң Мансурым емес... Жоқ... " Осылай жылап отырған кезде есiк ашылды (Iшiнен жұлдыз шашылды) есiкке жалт караган Анарға:  - Иә. Мен бақытыма қол жеткiздiм. Ал сен ше? Сен де солай ғой? Жаным, менiң бақытым - СЕН! Ал сенiң бақытың - МЕН. Бақытты болайықшы иә? - бұл келген адам Анардың бақыты, сүйгенi Мансур болатын. Не жыларын, не қуаныштан аспанға секiрерiн бiлмей Анар Мансурга қарап ұзақ тұрды. Ал Мансур Анардың қасына келген кезде ашуға берiлген Анар оны ұра бастады.  - Оңбаған! Есалаң! Ақымақ! Сенi жек көрем... Жек... көрем... - Анар жерге қайта отыра кеттi.  - Сұлуым?! Ренжiмешi ендi мм?  - Жек көрем сенi. Кетшi. Көрiнбешi көзiме... Кетшi өтiнем. Кет!!!   Анар қатты ашуланды. Тагы да... Ашуланатын орны бар ғой. Түнімен жылап жатты. Ал сосын бөтен адамша алып қашып бақыт тiледi. Зәресін ұшырды. Анардың ашуы да басыла қоймады. Ашуланып Мансурды ұрды. Жылады-жылады тағы жылады.  - Ақымақ! Оңбаған! Мен... Мен сенi жек көрем... Саған жыным келедi... Жыным... келедi... - дедi Анар жылап.  - Ал мен сені сүйемiн жаным. Сенi ғана сүйем! - деп Мансур Анарды құшақтап, маңдайынан сүйіп, қайта-қайта кешiрiм сұрай бердi...  ...Өмiр болған соң осындай жағдайлар да кездесiп тұрады екен 29 марта в 10:58 – 2 313 просмотров Перейти к сообществу Менің өмірім...

Теги других блогов: продвижение SEO Google